KASE Басқармасы Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің шығаруға жоспарланған XS2586856879 халықаралық облигацияларын "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы бойынша KASE ресми тізіміне енгізуге келісім берді

15.02.23 10:49
/KASE, 15.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2023 жылдың 14 ақпанындағы шешімімен облигациялық бағдарлама шегінде шығарылатын Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің XS2586856879 халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді. Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-02-15]