KASE Басқармасы Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің шығаруға жоспарланған XS2586856879 халықаралық облигацияларын "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы бойынша KASE ресми тізіміне енгізуге келісім берді
15.02.23 10:49
/KASE, 15.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2023 жылдың 14 ақпанындағы шешімімен облигациялық бағдарлама
шегінде шығарылатын Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің
XS2586856879 халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің
"халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге
келісім берілді.
Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-02-15]