Бүгін Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2C00009140 (BRKZb28) облигацияларына жазылу жүргізіледі

15.02.23 08:40
/KASE, 15.02.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе биржа) сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) KZ2C00009140 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb28; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу күні айналыстың басталу күні болып табылады – до 15.02.35, жылдық купон, жылдық 0,50 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 15 000 000 000 теңге. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен саны көрсетілуі тиіс. Өтінімнің минималды көлемі 1 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 15 ақпанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-дан 15:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылым шеңберінде тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 15 ақпаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 15 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 15 ақпаны, Астана қ.уақытымен 17:00. Есептсеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигациялардың Сатушысына ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН. Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелерінің мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/BRKZb28/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-02-15]