KZ
10 мамыр 2025, 16:52
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.02.2023 08:40 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2C00009140 (BRKZb28) облигацияларына жазылу жүргізіледі

/KASE, 15.02.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе биржа) сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) KZ2C00009140 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb28; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу күні айналыстың басталу күні болып табылады – до 15.02.35, жылдық купон, жылдық 0,50 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.

Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 15 000 000 000 теңге.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен саны көрсетілуі тиіс. Өтінімнің минималды көлемі 1 000 теңге.

Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 15 ақпанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-дан 15:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылым шеңберінде тек шектелімді өтінімдер қабылданады.

Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 15 ақпаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 15 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 15 ақпаны, Астана қ.уақытымен 17:00. Есептсеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигациялардың Сатушысына ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;

2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.

Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелерінің мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.

[2023-02-15]