KZ
9 мамыр 2025, 15:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.02.2023 12:30 #Қаржы құралдары

14 ақпаннан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00009322 (FIVEb4) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 14.02.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 09 ақпанында "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00009322 (FIVEb4; 100 теңге, 200,0 млн теңге; 12 ай; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 14 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Көрсетілген облигациялармен KASE сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2023-02-14]