14 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында NIKE, Inc. (NKE_KZ) US6541061031 жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

14.02.23 10:08
/KASE, 14.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 14 ақпанынан бастап, KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 06 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін, Nike, Inc АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 06 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2023 жылдың 09 наурызынан бастап қайта басталады. [2023-02-14]