/KASE, 13.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2023 жылдың
15 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана)
KZ2C00009140 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb28; 1 000 теңге,
15,0 млрд теңге; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу күні айналыстың басталу күні болып табылады – до 15.02.35, жылдық
купон, жылдық 0,50 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы
орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан
Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) (бұдан әрі –
Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 15 000 000 000 теңге.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімнің минималды көлемі 1 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 15 ақпанында
Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-дан 12:00-ге дейін жүргізіледі.
Жазылым шеңберінде тек шектелімді өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
15 ақпаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2023 жылдың 15 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні
мен уақыты – 2023 жылдың 15 ақпаны, Астана қ.уақытымен 15:30.
Есептсеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигациялардың
Сатушысына ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне
мынадай мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.
Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелерінің
мәтіні KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/BRKZb28/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2023-02-13]