2023 жылдың қаңтар айындағы KASE акциялар нарығына шолу

09.02.23 21:50
/KASE, 10.02.23/ – Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) 2023 жылдың қаңтарындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. Қаңтарда акциялармен сауда-саттық көлемі 19,0 млрд теңгені құрап, желтоқсанға қатысты 90,4 %-ға немесе 179,3 млрд теңгеге төмендеді. Есептік айда "AMF Group" АҚ жазылым шеңберінде жалпы сомасы 144,9 млн теңгеге бір акция үшін 258,00 теңге бағасы бойынша 561 678 жай акция орналастырды. Қайталама нарықта сауда көлемі 18,9 млрд теңгені құрады. Сауда- саттықтың орташа тәуліктік көлемі 944,0 млн теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 2 990, бір мәміленің орташа көлемі-315,7 мың теңгені құрады. Қаңтар айында KASE Индексінің мәні 1,5 %-ға өсіп, айдың соңына қарай 3 299,91 тармақты құрады. Максималды мән 25 қаңтарда тіркелді – 3 334,03 тармақ. 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеуге "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ жай акциялары енгізілді. "ҚазМұнайГаз "ұлттық компаниясы" АҚ бағалы қағаздары қаңтар айында 1 %-ға өсіммен жабылды. ----------------------------------------------------------- Көлемі, млрд теңге 31 30 Δ, % ---------------- қаңтар желтоқсан ------ --------- c 01.01.23 қаңтар желтоқсан ------------ -------- --------- ---------- ------ --------- KASE Индексі 3 299,91 3 251,64 +1,5 3,3 2,7 ----------------------------------------------------------- Индекстік акциялармен жасалатын мәмілелер көлемі 2023 жылдың қаңтарында 3,3 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен 616 млн теңгеге жоғары. ---------------------------------------------------------------- Соңғы мәміленің бағасы, Δ, % Сауда-саттық көлемі, бір акцияға теңгемен млн теңге ------------------------- -------- ------------------------ -------- 31 30 Δ, % с қаңтар желтоқсан Δ, % қаңтар желтоқсан 01.01.23 ---- --------- --------- ----- -------- ------- --------- ------ KZAP 14 216,64 12 874,00 +10,4 +10,4 828,3 474,1 +74,7 KZTK 29 190,00 28 362,32 +2,9 +2,9 339,7 324,9 +4,6 KCEL 1 750,00 1 725,00 +1,4 +1,4 1 247,7 444,0 +181,0 KSPI 33 557,22 33 196,50 +1,1 +1,1 125,3 119,4 +4,9 KEGC 1 622,00 1 620,02 +0,1 +0,1 43,7 291,2 -85,0 CCBN 634,69 640,00 -0,8 -0,8 83,5 181,2 -53,9 HSBK 122,95 126,47 -2,8 -2,8 488,3 537,2 -9,1 KZTO 710,00 734,00 -3,3 -3,3 127,8 296,0 -56,8 ---------------------------------------------------------------- "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ-ның жай акциялары қаңтар айының қорытындысы бойынша 10,4 %-ға қымбаттады. Жыл басынан 25 қаңтарға дейін акциялардың бағасы оң корпоративтік жаңалықтар тұсында дәйекті түрде өсті: 05 қаңтарда Fitch және Moody's халықаралық рейтингілік агенттіктері компанияның рейтингтерін сәйкесінше BBB- Тұрақты және Baa2 Тұрақты растайтынын жариялады. Сондай ақ компания Энергетика министрлігінің екі еншілес кәсіпорынның жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын ұзартқанын және 2025 жылға қарай канадалық Cameco уран компаниясымен бірлескен жобаның инвестициялық кезеңінің аяқталғанын хабарлады. 27 қаңтардан бастап 2022 жылғы өндірістік қорытындылар жарияланғаннан кейін акциялардың бағасы төмен қарай түзетіле бастады. Жыл қорытындысы бойынша компанияның өндіріс көлемі 3 %-ға 21,2 мың тоннаға дейін төмендеді, сату көлемі 1 %-ға 16,4 мың тоннаға дейін төмендеді, бұл ретте сатудың орташа бағасы уранның унциясы үшін 31 %-ға 43,46 долларға дейін өсті. 2023 жылы компания өндірісті 20,5-21,5 мың тонна деңгейінде қалдыруды және бұл ретте сату көлемін 15,4-15,9 мың тоннаға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Айдың қорытындысы бойынша екінші және үшінші орында тиісінше +2,9 % және +1,4 % нәтижелері бар "Қазақтелеком" АҚ және "Kcell" АҚ акциялары тұр. 11 қаңтарда "Қазақтелеком" АҚ AzerTelecom компаниясымен бірлесіп Каспий түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс орнату бойынша жұмысты қайта бастауды және жұмыстарды бір жарым-екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Жасыл аймақтағы қаржы секторының индекстік өкілдерінен айды Kaspi.kz АҚ жай акциялары ғана аяқтай алды, олар 1,1 % қосқан. Айдың ортасында Михаил Ломтадзе финтех гигантындағы үлесін 23,42 %-дан 24,55 %-ға дейін арттырды, сонымен қатар Лондон қор биржасында ЖДҚ сатып алу жалғасуда: Биржаның сайтында жарияланған есептерге сәйкес, қаңтар айында 13,7 миллион АҚШ долларына 187 173 ЖДҚ сатып алынды. Корпоративтік нәтижелерді Топ 27 ақпанда жариялайды. "ҚазТрансОйл" АҚ акциялары бағасының 3,3 % жоғалтып, айды ең үлкен төмендеумен аяқтады. 13 қаңтарда Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі 2023 жылдың бірінші тоқсанында Германияға одан әрі жеткізу үшін "Адамова застава" мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 300 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауға растау алды. 26 қаңтарда "ҚазТрансОйл" АҚ 2022 жылдағы өндірістік қорытындыларын жариялады. Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 1,4 %-ға 40,7 млн тоннаға дейін қысқарды, бұл ретте ҚР мұнай өңдеу зауыттарына және шоғырландырылған жүк айналымына жеткізу көлемі тиісінше 5,5%-ға және 0,5 %-ға өсті. KASE акциялар нарығы 2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 21,7 трлн теңгені (47,2 млрд USD) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 524,0 млрд теңгеге немесе 2,5 %-ға жоғары. Өсімнің негізгі үлесі "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" АҚ және Kaspi.kz АҚ акцияларының бағасын көтеру арқылы капиталдандыруға тиесілі болды ----------------------------------------------------------------- 31 қаңтар 30 желтоқсан Өзг. өзг., % ------------------------ --------- ------------ --------- ------- Капиталдандыру, млрд KZT 21 687,60 21 163,58 +524,02 +2,5 Капиталдандыру, млн USD 47 155,16 45 909,98 +1 245,18 +2,7 ----------------------------------------------------------------- Қаңтар айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 99 эмитенттің 113 атаудағы акциялары болды, оның ішінде төрт эмитенттің төрт атаудағы акциялары "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді. Қаңтар айында эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен "Қазбургаз" АҚ жай акциялары алынып тасталды 2023 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруі: ----------------------------------------------------------------------------------------------------- Эмитент Бағаның өзгеруі / (соңғы мәміленің күні) Өзг., % ---------------------------------------------------- ---------------------------------------- ------- "Баян Сұлу" АҚ 440,00 298,99 +47,2 (BSUL) (31.01.23) (30.12.22) AltynGold plc 820,00 681,70 +20,3 (GB_ALTN) (31.01.23) (30.12.22) "Банк ЦентрКредит" АҚ CCBN 420,00 365,65 +14,9 (31.01.23) (30.12.22) "Қазатомөнеркәсіп "Ұлттық атом компаниясы" АҚ (KZAP) 14 216,81 12 874,00 +10,4 (31.01.23) (30.12.22) "ForteBank" АҚ 4,29 4,08 +5,1 (АSBN) (31.01.23) (30.12.22) "KM GOLD" АҚ 164,49 175,00 -6,0 (KMGD) (31.01.23) (30.12.22) ----------------------------------------------------------------------------------------------------- * кестеде акциялар бағасының +/- 5 %-дан асатын өзгерістері келтірілген. [2023-02-109]