Бүгін Қазақстан қор биржасында "ОнлайнКазФинанс" МҚҰ" АҚ KZ2P00008576 (MFOKb3) облигацияларына жазылу жүргізіледі

10.02.23 09:10
/KASE, 10.02.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе биржа) сауда-саттық жүйесінде "ОнлайнКазФинанс" МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2P00008576 облигацияларына (KASE баламалы сауда-саттық алаңы, "коммерцтиялық облигациялар" секторы, MFOKb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 22.09.22 – 22.09.23, тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360) жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 900 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 ақпанында сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін Астана қ.уақытымен жүргізіледі. Жазылым шеңберінде тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 10 ақпаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 10 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 10 ақпаны, Астана қ. уақытымен 13:00-де. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-02-10]