10 ақпанда Қазақстан қор биржасында "ОнлайнҚазқаржы МҚҰ" АҚ KZ2P00008576 (MFOKb3) облигацияларына жазылу жүргізіледі
/KASE, 09.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 10 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2P00008576 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 22.09.22 – 22.09.23, тоқсандық купон, 20,00% жылдық; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 900 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 ақпанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 12:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 10 ақпаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 10 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 10 ақпаны, Астана қ.уақыты 13:00. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары жаңа редакцияда KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланатын болады.
[2023-02-09]