Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09 ақпаннан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008257 (EABRb26) облигациялары ОК-пен МБҚ қоржынына және ОК-пен ҚРҰБ қоржынына енгізілетін болады
/KASE, 08.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 09 ақпанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008257 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb26; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 08.02.23 – 10.03.23; actual/365) дисконттық облигациялары ОК-пен МБҚ қоржынына және ОК-пен ҚРҰБ қоржынына кіретін бағалы қағаздар тізбесіне енгізілетіні туралы хабарлайды.
"Автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо операциялары маманданымының мәтіні KASE интернет-ресурсында – толығырақ сілтемесі бойынша қолжетімді.
[2023-02-08]