Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09 ақпаннан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008257 (EABRb26) облигациялары Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізілетін болады
/KASE, 08.02.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 09 ақпанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008257 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb26) облигацияларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KASE интернет-ресурсында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған
[2023-02-08]