/KASE, 07.02.23/ – 2023 жылдың 08 ақпанынан бастап Қазақстан қор биржасының
(KASE) ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша мынадай
халықаралық облигациялар енгізілетін болады:
1) XS2242418957 (UZBN_KZe1; $300,0 млн, 21.10.20 – 21.10.25; жарты
жылдық купон; жылдық 4,85 %; 30/360) "Өзбекстан Республикасының
сыртқы экономикалық қызметінің Ұлттық Банкі" АҚ;
2) XS2330272944 (UZAM_KZe1; $300,0 млн, 04.05.21 – 04.05.26; жарты
жылдық купон; жылдық 4,85 %; 30/360) "UzAuto Motors" АҚ.
Облигациялардың аталған шығарылымдары KASE ресми тізіміне енгізілген
Өзбекстан Республикасының корпоративтік облигацияларының дебюттік
шығарылымдары болды.
Аталған облигацияларды KASE ресми тізіміне енгізудің бастамашысы
"Фридом Финанс" АҚ болып табылады.
Бұрын хабарланғандай, аталған облигацияларды KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешімді KASE Басқармасы 2023 жылдың 02 ақпанында қабылдады,
Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 08 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
сілтемелер бойынша жарияланады:
-
https://kase.kz/ru/bonds/show/UZBN_KZe1/
-
https://kase.kz/ru/bonds/show/UZAM_KZe1/
[2023-02-07]