/ҚАЙТАЛАУ/ 08 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Citigroup Inc. US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады.

08.02.23 08:53
/KASE, 08.02.23, 26.01.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 08 ақпанынан бастап Citigroup Inc. (АҚШ) US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2023 жылдың 24 қаңтарынан бастап орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 06 ақпанына және кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұдан бұрын KASE 2023 жылдың 24 қаңтарындағы жаңалығы жарияланған болатын: "24 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Citigroup Inc. US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық тоқтатылды"– https://kase.kz/ru/news/show/1495568/ [2023-02-08]