KZ
13 мамыр 2025, 10:32
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.02.2023 17:37 #Қаржы құралдары

08 ақпаннан бастап Gas Finance PLC Xs2291819980 (GB_GAZFe1) халықаралық облигацияларының рұқсаттама бастамашысының бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылады

/KASE, 07.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 08 ақпанынан бастап, "Газпром" ЖАҚ (Ресей) кепілдігімен (міндеттемесімен) шығарылған, Gaz Finance PLC (Ұлыбритания) XS2291819980 халықаралық облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, GB_GAZFe1; 2 2,0 млрд; 27.01.21 – 27.01.29; жартыжылдық купон, жылдық 2,95%; 30/360) KASE ресми тізімінен алынып тасталады

Бұл шешім KASE-де көрсетілген облигацияларға рұқсаттама бастамашысы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ-ның ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды.

Аталған облигациялар 2021 жылдың 19 қазанынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап ашылған.

[2023-02-07]