"Kaspi Bank" АҚ KZ2C00001964 (CSBNb12) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

07.02.23 09:45
/KASE, 07.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 07 ақпанынан бастап "Kaspi Bank"АҚ (Алматы) KZ2C00001964 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CSBNb12; 100 теңге, 10,0 млрд теңге, 07.02.13 – 07.02.23; құбылмалы жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 12,00%; 30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2013 жылдың 07 ақпанынан бастап "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында тұрды. Олармен сауда-саттық 2013 жылдың 03 сәуірінен бастап ашылды. [2023-02-07]