06 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Apple Inc. US0378331005 (AAPL_KZ) және Ford Motor Company US3453708600 (F_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

06.02.23 11:25
/KASE, 06.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 06 ақпанынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 13 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін келесі жай акциялармен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. - US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) Apple Inc. (АҚШ); - US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) Ford Motor Company (АҚШ). Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылғы 13 ақпанда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап қайта басталады. [2023-02-06]