KZ
4 шілде 2025, 07:16
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.02.2023 17:42 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстан Қаржы министрлігі 01 ақпан күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 16-шы шығарылымын (KZKD00001194, MUM180_0016) өтеуге кірістілігі жылдық 11,60 %-бен орналастырып, 9,6 млрд теңге тартты

/KASE, 27.01.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2023 жылдың 01 ақпанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 16-шы шығарылымы (KZKD00001194, MUM180_0016) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың 03 ақпанында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 9 642 547 222,2 теңгені құрады.

KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 25 қаңтарда Қазақстан қор биржасында 10,0 млн МЕУКАМ-180 16-шы шығарылымын (KZKD00001194, MUM180_0016) өтеуге кірістілігі жылдық 11,60 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.

[2023-02-03]