Қазақстан Қаржы министрлігі 01 ақпан күні Қазақстан қор биржасында МЕККАМ-12 153-ші шығарылымын (KZK100000282, MKM012_0153) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 16,54 %-бен орналастырып, 78,2 млрд теңге тартты

03.02.23 17:40
/KASE, 03.02.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2023 жылдың 01 қаңтарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕККАМ-12 153-ші шығарылымы (KZK100000282, MKM012_0153) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың 03 ақпанында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 78 169 670 402,1 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 01 ақпанда Қазақстан қор биржасында 906,0 млн МЕККАМ-12153-ші шығарылымын (KZK100000282, MKM012_0153) жылдық өтеуге орташа сараланған кірістілігі 16,54 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/kz/news/show/1496260/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-02-03]