"Kaspi Bank" АҚ өзінің KZ2C00003036 (CSBNb17) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

03.02.23 15:09
KASE, 03.02.23/ – "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылдың 02 ақпанында өзінің KZ2C00003036 (CSBNb17) облигацияларын өтегені туралы хабарлады, оның шеңберінде аталған облигациялар бойынша соңғы – 16-шы купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 41 261 081 466,15 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны)– 39 352 485 900,00 теңге, 16-шы купондық сыйақы– 1 908 595 566,15 теңге. [2023-02-03]