KZ
11 мамыр 2025, 21:17
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.02.2023 17:30 #Қаржы құралдары

KASE Басқармасы "Өзбекстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің Ұлттық Банкі" АҚ XS2242418957 (UZBN_KZe1) облигацияларын негізгі алаңның " облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 02.02.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 02 ақпанында "Өзбекстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің Ұлттық Банкі" АҚ (Өзбекстан Республикасы) XS2242418957 халықаралық облигацияларын ($300,0 млн, 21.10.20 – 21.10.25; жарты жылдық купон; жылдық 4,85 %; 30/360) негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Көрсетілген облигациялардың KASE-дегі рұқсат беру бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады

Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға UZBN_KZe1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.

[2023-02-02]