KASE Басқармасы "UzAuto Motors" АҚ XS2330272944 (UZAM_Kse1) халықаралық облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
02.02.23 17:25
/KASE, 02.02.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылғы
02 ақпанда "UzAuto Motors" АҚ (Өзбекстан Республикасы) XS2330272944
халықаралық облигацияларын ($300,0 млн, 04.05.21 – 04.05.26; жартыжылдық
купон; жылдық 4,85%; 30/360) негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Аталған облигацияларды KASE-де айналысқа жіберудің бастамашысы
"Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Көрсетілген облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға UZAM_KZe1 белгісі қысқартылған (сауда-саттық
коды) берілді.
"UzAuto Motors" АҚ қызметінің негізгі түрі – автомобильдерді өндіру және
сату.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат аталған
Басқарма шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2023-02-02]