KZ
9 мамыр 2025, 14:54
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.02.2023 17:25 #Қаржы құралдары

KASE Басқармасы "UzAuto Motors" АҚ XS2330272944 (UZAM_Kse1) халықаралық облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 02.02.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылғы 02 ақпанда "UzAuto Motors" АҚ (Өзбекстан Республикасы) XS2330272944 халықаралық облигацияларын ($300,0 млн, 04.05.21 – 04.05.26; жартыжылдық купон; жылдық 4,85%; 30/360) негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Аталған облигацияларды KASE-де айналысқа жіберудің бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады.

Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Көрсетілген облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға UZAM_KZe1 белгісі қысқартылған (сауда-саттық коды) берілді.

"UzAuto Motors" АҚ қызметінің негізгі түрі – автомобильдерді өндіру және сату.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат аталған Басқарма шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.

[2023-02-02]