KZ
6 шілде 2025, 01:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.02.2023 15:23 #Сауда-саттық ақпараты

01 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 03 ақпанда болатын МЕУКАМ-96 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 01.02.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 03 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 80 981 155 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдың 79,7438 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 15,70 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 80,2330 % құрады (кірістілік – жылдық 15,55 %).

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 03 ақпанда болатын МЕУКАМ-96 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2023-02-01]