31 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында QUALCOMM Inc. US7475251036 (QCOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
31.01.23 09:05
/KASE, 31.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
31 қаңтарынан бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге
асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 02 наурызына және одан
кейінгі күндерге сәйкес келетін репо операциялары бойынша QUALCOMM
Inc. (АҚШ) US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 02 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
[2023-01-31]