31 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation US4581401001 (INTC_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

31.01.23 09:02
/KASE, 31.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 07 ақпанға және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо операциялары бойынша Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 ("KASE Global" секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 07 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. [2023-01-31]