KZ
6 шілде 2025, 04:30
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.01.2023 17:39 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстан Қаржы министрлігі 25 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-144 тоғызыншы шығарылымын (KZKD00001178, MUM144_0009) өтеуге кірістілігі жылдық 13,00 %-бен орналастырып, 9,2 млрд теңге тартты

/KASE, 27.01.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2023 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-144 тоғызыншы шығарылымы (KZKD00001178, MUM144_0009) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың 27 қаңтарында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 9 152 534 444,4 теңгені құрады.

KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 25 қаңтарда Қазақстан қор биржасында 10,0 млн МЕУКАМ-144 тоғызыншы шығарылымын (KZKD00001178, MUM144_0009) өтеуге кірістілігі жылдық 13,00 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.

[2023-01-27]