26 қаңтардан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімінен "Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003036 (CSBNb17) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

26.01.23 11:22
/KASE, 26.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеуге арналған өкілеттік тізімнен айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты "Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003036 (CSBNb17) облигацияларын алып тастады (26 қаңтар – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні). 2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімі 55 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың жинақталған сыйақысын есепке алмағандағы бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша). Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2023-01-26]