KZ
10 мамыр 2025, 14:09
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.01.2023 11:22 #KASE_B* сериянсының индекстері

26 қаңтардан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімінен "Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003036 (CSBNb17) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 26.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеуге арналған өкілеттік тізімнен айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты "Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003036 (CSBNb17) облигацияларын алып тастады (26 қаңтар – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні).

2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімі 55 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың жинақталған сыйақысын есепке алмағандағы бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша).

Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

[2023-01-26]