/KASE, 25.01.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік
мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕТИКАМ-72 бірінші шығарылымын
(KZKT00000040, MTM072_0001) орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берілген өтінімдер бойынша
қанағаттанарлықсыз қалыптасқан бағаға байланысты осы
мамандандырылған сауда-саттықтар жүзеге аспады деп жариялады.
Сұраныс параметрлері берілген кеңейтілген жаңалық кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕТИКАМ-72 бірінші шығарылымын
(KZKT00000040, MTM072_0001) орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалық
https://kase.kz/ru/news/show/1495667/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2023-01-25]