"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
25.01.23 16:12
/KASE, 25.01.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 521 697 218 дана;
- компанияның 493 697 218 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" РММ
болып табылады.
[2023-01-25]