/KASE, 25.01.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың
27 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-144
тоғызыншы шығарылымын (KZKD00001178, MUM144_0009) орналастыру
бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 5 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдың 86,9524 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық
13,00 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда
жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 қаңтарда болатын
МЕУКАМ-144 тоғызыншы шығарылымын (KZKD00001178, MUM144_0009)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы
https://kase.kz/ru/news/show/1495669/
сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-01-25]