KZ
4 шілде 2025, 11:07
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.01.2023 15:26 #Сауда-саттық ақпараты

25 қаңтарда Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 27 қаңтарда болатын МЕОКАМ-24 87-ші шығарылымын (KZK200000745, MOM024_0087) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 25.01.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысуы 2023 жылдың 27 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕОКАМ-24 87-ші шығарылымын (KZK200000745, MOM024_0087) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 96 325 265 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан жылдық 99,9763 % (кірістілік – жылдық 16,70 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 97,3783 % құрады (кірістілік – жылдық 16,66 %).

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 27 қаңтарда болатын МЕОКАМ-24 87-ші шығарылымын (KZK200000745, MOM024_0087) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалық толығырақ сілтеме бойынша жарияланды.

[2023-01-25]