"Joint Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
25.01.23 15:13
/KASE, 25.01.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Joint Resources" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 008 859 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға Т.Кулибаев болып табылады.
[2023-01-25]