10-25 ҚАҢТАР АРАЛЫҒЫНДА ҚНРДА ЖӘНЕ KASE "ЖАСЫЛ" ОБЛИГАЦИЯЛАР" НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІРІНШІ КОНКУРСЫН ӨТКІЗЕДІ

23.01.23 12:11
/KASE, 23.01.23, 10.01.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 10-25 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (тақырыпта – ҚНРДА), Дүниежүзілік банк тобының құрамында жұмыс істейтін халықаралық қаржы корпорациясы (тақырыпта және бұдан әрі – IFC) және KASE компаниялар мен жергілікті атқарушы органдар үшін "жасыл"облигациялар негіздемелік бағдарламасының бірінші конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Бағдарлама "жасыл" облигациялар шығару есебінен қаржыландыру алу мүмкіндігін қарастыратын екі финалистке арнап қарастырылған: - "жасыл" облигациялар шығарылымын дайындауға консультациялық қолдау көрсету; - "жасыл" облигациялар шығарылымының халықаралық қағидаттарға (Second Party Opinion) сәйкестігі туралы тәуелсіз қорытынды дайындауға көмек. Конкурсқа қатысу үшін 2023 жылдың 10-25 қаңтары аралығында нысанды толтыра отырып, өтінім беру қажет – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfbi9af98z_b2FUCwVukSDyN8nTG9 pR3MNdAtv0eZBIkHwEpA/viewform?usp=pp_url "Жасыл" облигациялар мемлекеттік сектордағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін барған сайын танымал қаржыландыру көзіне айналуда. "Жасыл" облигациялар шығару арқылы қаражатты пайдалану экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) шеңберінде орнықты даму мақсаттарын іске асыруды және экономиканы шығарындылар деңгейін төмендету жағына айналдыруды қолдайды. KASE-де "жасыл" және өзге ESG облигацияларын шығару үшін қажетті инфрақұрылым құрылды: 1) орнықты даму қағидаттарына сәйкес келетін "жасыл", гендерлік, әлеуметтік және өзге де облигациялар листингін жүргізу кезінде сараптаманың болуы; 2) қосымша листинг талаптарының болмауы; 3) жобаларды тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың кең тізбесі; 4) ESG облигациялары үшін жеңілдетілген листингілік алымдар. "Жасыл" облигациялар" бағдарламасы аясында IFC екі компанияға және жергілікті атқарушы органдарға келесі қызметтерді тегін ұсынады: - "жасыл" облигациялар арқылы тартылған қаражат есебінен қаржыландырылуы немесе қайта қаржыландырылуы мүмкін жобалар портфелін қалыптастыру; - компанияның жұмыс тобы үшін жеке тренингтер өткізу; - тәуелсіз сыртқы бағалауды (Second party opinion) алуға көмектесу; - қажетті қаржылық емес есеп берушілікті жасауға көмектесу. [2023-01-23]