Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18 қаңтардан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді
/KASE, 19.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2023 жылдың 18 қаңтарындағы шешімімен 2023 жылдың 18 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 19 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулерге сәйкес, оның ішінде инвестициялық пай қорлардың пайлары бойынша маркет-мейкерлер үшін міндетті баға белгілеу көлемі бойынша немесе бағалы қағаздар саны бойынша өз міндеттерін орындау мүмкіндігі берілді.
Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында толығырақ ("Сауда-саттық" – "Маркет-мейкерлер" қалташасы) сілтемесі бойынша жарияланады.
[2023-01-19]