KZ
13 мамыр 2025, 10:11
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.01.2023 12:39 #Бағалы қағаздар

АҚ "ForteBank" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 19.01.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "ForteBank" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана;
  • банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;
  • банк өзінің 1 934 434 197 акциялары кері сатып алды;
  • банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде 76 271 395 415 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 84,32% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 82,56%) бар.

[2023-01-19]