17 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.

17.01.23 09:37
/KASE, 17.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 17 қаңтарынан бастап, олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 27 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін, Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 27 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. [2023-01-17]