17 қаңтарда KASE 2022 жылдағы қызмет қорытындылары бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізеді
13.01.23 10:53
/KASE, 13.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 17 қаңтарында
сағат 12:00-де онлайн баспасөз конференциясы өтетінін хабарлайды, оның
барысында KASE қызметінің негізгі қорытындылары және қазақстандық биржалық
нарықтың 2022 жылдағы жұмысы туралы статистикалық ақпарат, сондай-ақ 2023
жылға арналған жоспарлар ұсынылатын болады.
Іс-шара спикері – KASE Басқармасының Төрайымы Алина Алдамберген.
Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz пошта
арқылы аккредиттеуден өтуі қажет. Барлық тіркелген қатысушыларға Zoom
сілтемесі (шақыру) жіберіледі.
KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізу оның ақпараттық ашықтық
және айқындық саясатының бір бөлігі болып табылады.
[2023-01-13]