KASE 2023 ЖЫЛДЫҢ 03 АҚПАНЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

12.01.23 12:17
/KASE, 12.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі –Комитет) 2023 жылдың 10 қаңтарындағы "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілеттік тізімі анықталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Тізім). Аталған шешімге сәйкес, қазірдің өзінде тізімдегі акциялардан басқа, 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап оған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы"АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акциялары кіретін болады. Аталған акцияларды тізімге енгізу туралы шешім осы акцияларды ықтимал өтімді деп санауға мүмкіндік беретін объективті фактілерге байланысты Комитет мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданды. Мұндай факторларға сауда-саттықтың ағымдағы көлемі, сауда-саттыққа тартылған дербес шоттардың саны, сондай-ақ осы бағалы қағаздарға жазылу нәтижелері жатады. Осылайша, Тізім 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап келесі акциялардан тұратын болады: ------------------------------------------------------------------------ Код ---- --------- ------ # р/с акциялар ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі* ----- -------- ------------ ---------------------- ---- --------- ------ 1 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000 7,3 2 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,5 0,2348330 15,0 банкі" АҚ 3 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 0,8456748 15,0 4 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ 10,0 1,0000000 6,4 5 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 3,0 0,5896013 15,0 6 KSPI KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ 23,7 0,0665349 15,0 7 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" 25,0 0,1133310 15,0 ҰАК" АҚ 8 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 16,3 1,0000000 7,2 9 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 4,2 ------------------------------------------------------------------------ * Fi, Ri және Үлес параметрлері Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 03.02.23 басына акциялардың ағымдағы бағасына және 01.01.23 жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептеледі. КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы. Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15 %) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі. Fi – 08.12.22 жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санының, KASE-де 11.01.23 жағдай бойынша тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр. Доля – KASE индексін есептеу үшін өкілеттік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf сілтеме бойынша жарияланған. [2023-01-12]