"Фридом Финанс" АҚ 2022 жылға "GoodWill KZT" ИИПҚ KZPF00000090 (FFINgw) пайларын ұстаушыларға дивидендтер төленгені туралы хабарлады

12.01.23 11:28
/KASE, 12.01.23/ – пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "GoodWill KZT" интервалды инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ (Алматы), KZPF00000090 (FFINgw) пайларын ұстаушыларға 2023 жылдың 11 қаңтарында 2022 жылдың төртінші тоқсанына дивидендтер төленгені туралы KASE-ге хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес төлем сомасы 17 972 728,38 теңгені құрады, дивидендтер төлеу үшін пай ұстаушылар тізілімін тіркеу күні – 2022 жылдың 31 желтоқсаны. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_dividends_110123_04.pdf [2023-01-12]