2022 жылдың желтоқсан айындағы KASE акциялар нарығына шолу
12.01.23 10:15
/KASE, 12.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың желтоқсан
айындағы акциялар нарығына шолу жасайды.
2022 жылы желтоқсан айы жергілікті қор нарығы үшін ең сәтті айлардың
бірі болды. Индекстік компаниялардың барлық дерлік акциялары бағаға
айтарлықтай өсті, ал KASE Индексінің өзі 6,1 % қосты. Жыл басынан бері
KASE Индексі 11,5 %-ға 3 251,64 тармаққа дейін төмендеді.
-----------------------------------------------------------------
Көлемі,
млрд теңге
30 30 Δ, % Δ, % --------- ------
желтоқсан қараша c 01.01.22 желтоқсан қараша
------------- --------- -------- ---- ---------- --------- ------
KASE Индексі 3 251,64 3 064,93 +6,1 -11,5 2,70 4,10
-----------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------
Соңғы мәміленің бағасы, Δ, % Сауда-саттық көлемі,
бір акцияға теңге млн теңге
------------------------- -------- ------------------------
30 30 Δ, % с желтоқсан қараша Δ, %
желтоқсан қараша 01.01.22
---- --------- --------- ----- -------- --------- ------- ------
KZTO 734,00 563,89 +30,2 -32,9 296,0 334,6 -11,5
KCEL 1 725,00 1 540,00 +12,0 +6,0 444,0 945,8 -53,1
KZTK 28 362,32 26 060,00 +8,8 -20,8 324,9 218,8 +48,5
CCBN 640,00 607,01 +5,4 +60,8 181,2 156,7 +15,6
HSBK 126,47 121,89 +3,8 -32,4 537,2 1 685,3 -68,1
KEGC 1 620,02 1 568,00 +3,3 -13,4 291,2 120,4 +141,9
KZAP 12 874,00 12 549,00 +2,6 -23,8 474,1 207,8 +128,2
KSPI 33 196,50 33 600,01 -1,2 -36,5 119,4 384,4 -68,9
----------------------------------------------------------------
"ҚазТрансОйл" АҚ (KZTO) жай акциялары 2022 жылдың бірінші
жартыжылдығында 37,4 %-ға төмендеді. Екінші жартыжылдықтың басында
баға төмендей берді, бірақ желтоқсанда ол бірден 30,2 %-ға қалпына
келді. Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша төмендеу 32,9 % құрады.
27 желтоқсаннан бастап компания үшін Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына бір тонна үшін 27,9 АҚШ
доллары мөлшерінде транзит мақсатында Ресейден шыққан мұнайды
тасымалдау бойынша тариф бекітілді. 30 желтоқсанда "ҚазТрансОйл" АҚ
Германияға одан әрі жеткізу үшін "Адамова застава" мұнай тапсыру
пунктінің бағыты бойынша "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай
құбырлары жүйесі бойынша 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық
мұнайды тасымалдауға өтінім жіберді.
Желтоқсан айында екі таңбалы өсу қарқынын "Кселл" АҚ (KCEL)
акцияларын да көрсетті, соның арқасында олар жасыл аумақта 6,0 %
өсіммен жылды жаба алды. 09 желтоқсанда Fitch Ratings "Тұрақты"
болжаммен "BB+" деңгейінде "Кселл" АҚ ұзақ мерзімді дефолт рейтингін
растады. 21-23 желтоқсанда "Кселл" АҚ және "Мобайл Телеком-
Сервис" ЖШС тұлғасындағы консорциум 3600-3700 МГц және 3700-3800
МГц спектрімен 5G бесінші буынының ұялы байланысын енгізу және
дамыту үшін радиожиіліктерді сату бойынша аукционды жеңіп алды. Екі
лоттың жиынтық сомасы 156 млрд теңгені құрады.
"Қазақтелеком" АҚ (KZTK) бас компаниясының акциялары желтоқсан
айының қорытындысы бойынша бағаға 8,8 % қосты, бұл ретте жыл
қорытындысы бойынша баға 20,8 %-а төмендеді. 09 желтоқсанда Fitch
Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Қазақтелеком" АҚ-ның ВВВ-
"Тұрақты" деңгейіндегі несиелік рейтингін және компанияның кірісін
ұлғайту жөніндегі өз болжамын растады.
"Банк ЦентрКредит" АҚ (CCBN) акциялары бір жыл ішінде 60,8 %-ға өсті,
бұл ретте желтоқсанда өсім 5,4 % құрады. 2022 жылдың
14 желтоқсанында Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік
агенттігі банктің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ
мерзімді рейтингтерін растады және болжамды "Тұрақты"-дан "Позитивті"-
ге дейін көтерді.
"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (HSBK) жай акциялары бірінші
жартыжылдықтың төмендеу бөлігін қайтарып, екінші ай қатарынан жасыл
аймақта жабылды. Жыл қорытындысы бойынша акциялар бағасы 32,4 %-
ға төмендеді.
Желтоқсан айында Kaspi.kz АҚ (KASPI) жай акциялары 1,2 %-ға
төмендеді. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы
бойынша акциялар құны 53,6 %-ға, оның ішінде қаңтар-ақпан айларында
45,4 %-ға төмендеді. 2022 жылдың екінші жартыжылдығында ЖДҚ қайта
сатып алу және дивидендтер төлеу арқылы құлдырау ішінара қалпына
келтірілді. Нәтижесінде 12 айда жай акциялардың бағасы 36,5 %-ға
төмендеді.
KASE акциялар нарығы
Желтоқсан айының соңында акциялар нарығын капиталдандыру 21,2 трлн
теңгені (45,9 млрд USD) құрады, бір айда 1,5 млрд теңгеге немесе 6,5% -
ға төмендеді.
Жыл басынан бері акциялар нарығын капиталдандыру 26,4 %-ға немесе
7,6 трлн теңгеге төмендеді.
Желтоқсан айының соңында Биржаның сауда-саттық тізімінде
100 эмитенттің 114 атаудағы акциялары болды, оның ішінде төрт
эмитенттің төрт атаудағы акциялары "Листингілік емес бағалы қағаздар"
секторында айналысқа жіберілген.
-----------------------------------------------------------------
30 желтоқсан 30 қараша Өзг. Өзг., %
------------------------ ------------ --------- --------- -------
Капиталдандыру, млрд KZT 21 163,58 22 630,28 -1 466,70 -6,5
Капиталдандыру, млн USD 45 909,98 48 310,92 -2 400,94 -5,0
-----------------------------------------------------------------
2022 жылдың 30 желтоқсанындағы жағдай бойынша акциялар
нарығын капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге кіретін
акциялар бағасының өзгеруі:
---------------------------------------------------------------------------
Эмитент Бағаның өзгеруі / (соңғы мәміленің датасы) Өзг., %
------------------------ ------------------------------------------ -------
"АК Алтыналмас" АҚ 25 790,00 14 231,79 +81,2
(ALMS) (30.12.22) (02.03.21)
NOSTRUM OIL & GAS PLC 22,82 17,02 +34,1
(GB_NTRM) (30.12.22) (30.11.22)
"ҚазТрансОйл" АҚ 734,00 563,89/ +30,2
(KZTO) (30.12.22) (30.11.22)
"Tengri Partners 2 740,00 2 500,00 +9,6
Investment Banking (30.12.22) (29.03.22)
(Kazakhstan)" АҚ (TPIB)
"ForteBank" АҚ 4,08 3,60 +13,3
(ASBN) (30.12.22) (30.11.22)
"Кселл" АҚ 1 725,00 1 540,00 +12,0
(KCEL) (30.12.22) (30.11.22)
"Қазақтелеком" АҚ 22 500,00 20 400,00 +10,3
(KZTKp) (30.12.22) (30.11.22)
"Қазақтелеком" АҚ 28 362,32 26 060,00 +8,8
(KZTK) (30.12.22) (30.11.22)
"БАСТ" АҚ 10 699,00 9 723,00 +10,0
(BAST) (30.12.22) (30.11.22)
"Банк ЦентрКредит" АҚ 640,00 607,01 +5,4
(CCBN) (30.12.22) (30.11.22)
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық 9 430,00 12 837,90 -26,5
компаниясы" АҚ (KMGZ) (30.12.22) (06.08.15)
"Актобе-Темир-ВС" 660,50 788,50 -16,2
Еншілес кәсіпорын" АҚ (26.12.22) (14.06.21)
(ATVS)
---------------------------------------------------------------------------
* кестеде акциялар бағасының + / - 5 %-дан асатын өзгерістері келтірілген.
Жыл басынан бері Биржаның ресми тізіміне бес эмитенттің бес атаудағы
жай акциялары енгізілді, оның ішінде KASE-де алғаш рет листингтен өткен
төрт жаңа акция ("Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ, "Майкубен-Вест" АҚ,
"Ақбақай Голд Ресорсиз" АҚ және "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ)
және біреуі жұмыс істеп тұрған эмитент ("Sinoasia B&R (Синоазия
Биендар) "СК"АҚ). "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында сауда-
саттыққа "Көкше" АҚ-ның жай акциялары жіберілді.
Жыл басынан бері Биржаның сауда-саттық тізімінен 13 атаудағы акциялар
алынып тасталды, оның ішінде төртінші тоқсанда "Биржалық қызметті
жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-1 бабы
2 тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде көрсетілген
акциялармен сауда-саттықты ашу жөніндегі талаптарды сақтамауына
байланысты Биржаның ресми тізімінен жеті атаудағы акциялар алынып
тасталды, олар: "Жәйрем тау-кен байыту комбинаты" АҚ жай және
артықшылықты акциялары, "Лондон-Алматы "Сақтандыру компаниясы" АҚ,
"Altyntau Kokshetau" АҚ жай акциялары, "Коммеск-Өмір өмірді сақтандыру
компаниясы" АҚ және "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Халық"
сақтандыру компаниясы" АҚ эмитентінің бастамасы бойынша және
"Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ-ның жай акциялары.
[2023-01-12]