KZ
4 шілде 2025, 07:11
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.01.2023 17:19 #Корпоративтік уақиғалар

БИРЖАНЫҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ – "KASE КЛИРИНГ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ҚҰРЫЛДЫ

/KASE, 11.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) KASE 2022-2024 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес Биржаның 100 % еншілес ұйымы – "KASE клирингтік орталығы" АҚ (KACC) құрылғанын хабарлайды.

KACC құру Биржаның сауда-саттықты ұйымдастырушы мен орталық контрагенттің (ОК) тәуекелдер бейінін ажырату мақсатында өзінің еншілес ұйымына орталық контрагенттің функцияларын беру жоспарларымен шартталған. Бұдан басқа, клиринг және ОК функцияларын бөлу тек KASE-де ғана емес, сондай-ақ басқа да биржалық және биржадан тыс нарықтарда айналысқа түсетін түрлі қаржы құралдары бойынша ОК қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.

KACC Директорлар кеңесінің құрамы:

  • Алдамберген Алина Өтемісқызы – Директорлар кеңесінің Төрайымы;
  • Саржақов Жайнар Наурызбайұлы – KACC ДК төрағасы болмаған жағдайда, оны алмастыруға құқығы бар тұлға;
  • Ташметов Мирлан Жапарбекович – тәуелсіз директор.

КАСС Басқармасының құрамы:

  • Сабитов Идель Марсильевич – Басқарма Төрағасы;
  • Алла Валерьевна – Басқарма Төрағасының Орынбасары;
  • Сыздықков Еркін Сатыбалдыұлы – Басқарма Төрағасының Орынбасары.

Осы уақиғаға байланысты KASE баспасөз мәлімдемесі жарияланды:

[2023-01-11]