2023 ЖЫЛДЫҢ 03 АҚПАНЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН АРНАЛҒАН ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМГЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ

11.01.23 09:38
/KASE, 11.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 2023 жылдың 10 қаңтарындағы шешімімен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акциялары 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE индексін есептеу үшін арналған акциялардың өкілеттік тізіміне енгізілетіні туралы хабарлайды. Аталған акцияларды өкілеттік тізімге енгізу кезінде Комитет мүшелері, олардың пікірінше, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның жай акцияларын ықтимал өтімді деп санауға мүмкіндік беретін мынадай фактілерді назарға алды. 1. "Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасын іске асыру шеңберінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KASE сауда-саттық жүйесі арқылы 137,5 млрд теңге сомасына көрсетілген 16 353 049 акцияны жазылу әдісімен орналастырды. Орналастыруға қор нарығының 20 мүшесі қатысты, олар арқылы келесідей сомаларға өтінімдер қанағаттандырылды: - 12,1 млрд тенге (орналастыру көлемінен 8,8 %) заңды тұлғалар; - 55,3 млрд тенге (орналастыру көлемінен 40,2 %) институционалдық инвесторлар; - 70,1 млрд тенге (орналастыру көлемінен 51,0 %) жеке тұлғалар. 2. 2022 жылдың желтоқсан айындағы 16 сауда-саттық күні ішінде (08 желтоқсаннан бастап) KMGZ акциялары бойынша KASE қайталама нарығында мынадай сауда-саттық көрсеткіштері қалыптасты: - көлемі 22 646,5 млрд теңгені құрады (2022 жылдың 08-30 желтоқсаны аралығында ресми тізімдегі акциялармен жасалған мәмілелердің жалпы көлемінің 68,5 %), - нәтижелі күндер саны – 100 %, - қатысушылар саны – 20. Көрсетілген акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/shares/show/KMGZ/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-01-11]