KZ
9 мамыр 2025, 15:05
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.01.2023 09:30 #Қаржы құралдары

10 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 10.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 10 қаңтарынан бастап, есеп айырысу күні 2023 жылдың 20 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін, Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 20 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2023-01-10]