KASE "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акцияларын 2023 жылдың қаңтарына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класындағы акциялардың тізіміне енгізді

05.01.23 18:11
/KASE, 05.01.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2023 жылдың 05 қаңтарындағы шешімімен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ1C00001122 (KMGZ) жай акциялары 2023 жылдың 06 қаңтарынан бастап өтімділіктің бірінші класындағы акциялардың 2023 жылдың қаңтарына қалыптастырылған тізіміне енгізілгені туралы хабарлайды. Бұл шешім KASE "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатының 17 тармағына сәйкес аталған акцияларды ықтимал өтімді деп санауға мүмкіндік беретін факторлардың болуына байланысты қабылданды. KASE аталған факторларға мыналар жатады: - "Халықтық IPO" бағдарламасын іске асыру шеңберінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KASE сауда-саттық жүйесі арқылы 2022 жылдың қараша және желтоқсан айларында 137,5 млрд теңге сомасына өзінің 16 353 049 жай акциясын орналастырды; - 2022 жылдың 08 желтоқсанында олар бойынша сауда-саттық ашылған күннен бастап 16 сауда-саттық күні ішінде KASE қайталама нарығында 16,8 млрд теңге сомасына 12 564 мәміле жасалды. Өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздарының 2023 жылдың қаңтарына тізімі жаңартылады және жақын арада KASE интернет- ресурсында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_jan.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтемесі бойынша жарияланған [2023-01-05]