05 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00009249 (LZGRb5) облигацияларымен сауда-саттық ашылды

05.01.23 16:51
/KASE, 05.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 қаңтарынан бастап "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00009249 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb5; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 27.12.22-27.12.23; жартыжылдық купон, жылдық 20,25 %, 30/360) облигацияларының KASE сауда-саттығы ашылғаны туралы хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған–https://kase.kz/ru/bonds/show/LZGRb5/ [2023-01-05]