KZ
12 шілде 2025, 15:25
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.01.2023 17:55 #Нормативтік база

04 қаңтардан бастап Листингілік ережелерге енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 04.01.23/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE) 2022 жылдың 30 желтоқсанындағы шешімімен 2023 жылдың 04 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатына № 6 өзгертулер мен толықтырулар бекітілді.

Бұдан басқа, көрсетілген күннен бастап KASE Басқармасының 2022 жылдың 10 қарашасындағы шешіміне сәйкес қолданысқа енгізіледі:

  • Листингілік процедураларды жүзеге асыру тәртібіне № 1 өзгертулер мен толықтырулар;
  • халықаралық экономикалық санкциялар режимінің сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде ішкі бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша KASE клиентінің сауалнамасының нысаны;
  • халықаралық экономикалық санкциялар режимін сақтау туралы куәлік- хаттың нысаны.

Жоғарыда көрсетілген түзетулер KASE клиенттері мен контрагенттерін, сондай-ақ санкциялық режиммен байланысты тәуекелдердің алдын алу тұрғысынан бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларын талдау мақсатында енгізілді.

Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында толығырақ ("Листинг" қалташасы) сілтемесі бойынша жарияланады.

[2023-01-04]