"Еуразиялық банк" АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

30.12.22 17:05
/KASE, 30.12.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 22 желтоқсанындағы шешімімен И.В. Белохвостиков Банк Басқармасының құрамынан шығарылғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Еуразиялық банк" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Л.А. Сатиева, Н. М. Дружинина, С. М. Бекбосунов, Е. Ж. Қаппар, Г. М. Ермеков. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_board_changes_221222_14419.pdf [2022-12-30]