Бүгін Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2C00009132 (BRKZb27) облигацияларына жазылу жүргізіледі

30.12.22 09:10
/KASE, 30.12.22/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009132 облигацияларын (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb27; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; айналыстың басталу күні кейінірек анықталады, айналыстың соңғы күні – 15.06.34, жылдық купон, жылдық 0,50%; 30/360) жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance Сентрас Секьюритис" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 30 000 000 000 теңге. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен саны көрсетілуі тиіс. Өтінімнің минималды көлемі 1 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 30 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-дан 12:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылу шеңберінде KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектеулі өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2022 жылдың 30 желтоқсаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2022 жылдың 30 желтоқсаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2022 жылдың 30 желтоқсаны, Астана қ.уақытымен 15:30. Есептсеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН. Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелерінің мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланатын болады. [2022-12-30]